Сейсенбі күнгі Ялтада Евро Одақ пен Украинаның жоғары деңгейдегі 1 күндік саммитінде Украинаның европалық қауымдастыққа қосылу келешегі жайында әңгіме болды. Кездесуден соң сөз алған Украина президенті Леонид Кучма өз елінің Европа Одағының толыққанды мүшесі болуға дайын емес екенін мойындады. Европа одағының басшысы Романо Проди Украинаның одаққа мүшелікке ену мәселесі күн тәртібінде тұр дегенімен, оның нақты мерзімін атамаған. Украинаның үш көршісі Польша, Мажарстан мен Словакия Евро Одаққа алдағы жылдың мамыр айында қосылатын болады.
Украина президенті Леонид Кучма өз елінің Европа Одағының толыққанды мүшесі болуға дайын емес екенін мойындады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?