Accessibility links

Ақмола облысы Есіл ауданындағы Красногорск кентінің маңындағы уран кенішінің радиактивті қалдықтарын көму жұмыстары жүргізілді.


ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, бұл уран кенішіндегі жұмыс осыдан сегіз жыл бұрын тоқтатылып тасталған. Сол уақыттан бері ашық жатқан тау-кен шахталары адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп келді. Кеніштің жер үсті кешеніндегі радиактивті қалдықтарын жою жұмысы ҚР Үкіметінің арнайы қаулысына сәйкес 2001 жылы басталды. Өткен аптада ғана аяқталған бұл жұмыстардың құны 204 миллион теңгені құрады. “Уранликвидрудник” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Марат Кафтарановтың айтуынша, радиациялық қалдықтардан 68 гектардың өнеркәсіптік алаңдары тазаланып, 5 шахта ұңғысы жойылды және құлаған ғимараттар бөлшектеп, бұзылды. Өнеркәсіптік аумақтарда жалпы есеппен 1 миллион 372 мың 500 текшеметрлік радиактивті қалдық қордаланып, көмілді.Жалпы алғанда, Ақмола облысында тағы да осындай жұмысын тоқтатқан үш кеніш бар. Олардың әрқайсысында 5-6 шахтадан жабылуы керек. Мамандардың айтуынша, бұл үшін әлі кем дегенде жеті жыл уақыт керек.
XS
SM
MD
LG