Accessibility links

Еуропа даму және қайта құру банкінің үстіміздегі жылы Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 450 миллион еуроға жетпек.


Еуропа даму және қайта құру банкі вице-президентінің орынбасары Девид Хекстердің айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін банктің Қазақстандағы қоржынының көлемі 1,5 миллиард еуроға жетпек. Инвестициялар экономиканың әртүрлі салаларына салынуда. Атап айтқанда, телекоммуникациялар, энергетика, байланыс, ауыл шаруашылығы, банк секторы және шағын бизнес. Сонымен қатар, алдағы 3-4 жылдың ішінде Еуропа даму және қайта құру банкі Қазақстан экономикасына жыл сайын 400 миллион еуродан 500 миллион еуроға дейінгі көлемде инвестиция салып отырмақ. Банктің вице-президентінің орынбасарының айтуынша, Қазақстан банк үшін маңызды ел болып табылады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
XS
SM
MD
LG