Түркия үкіметі Ирақтың орталық аймақтарында 5 тен 10 мыңға шейін жауынгерлерді орналастырмақ. АҚШ Түркия парламентінің шешімін құттықтап, бұл Ирақтағы тұрақтылықты бекітуге өз септігін тигізеді деді. Ирақтың билік басындағы кеңесі түрік әскерлерінің өз жерінде орналасуына қарсылығын танытты, бірақ ресми мәлімдемені кейінге қалдырып отыр.