Accessibility links

Ауғанстандағы әскери жетекшілер Атта Мохамед пен Рашид Достум бір мәмілеге келді.


Мазари Шарифтен түскен хабарға қарағанда, жаулық қарым-қатынастағы жергілікті әскери екі жетекші Атта Мохамед пен Рашид Достум бейсенбіде кезекті бір ымыраға келді. Мазари Шариф қаласының маңында осы аптада орын алған қанды шайқаста екі жақтың 80-ге жуық адамы қаза болған. Екі әскери жетекшінің бір бітім жасап, соғысуды тоқтатамыз деген шешімге келуіне олардың Ауғанстан ішкі істер министрі Али Ахмед Жалалимен кездесуден кейін қол жеткен. 2001 жылдың қарашасында талибан режимі құлаған кезден бері екі жақтың жауынгерлері арасында ара-тұра қақтығыс болып келеді.
XS
SM
MD
LG