КАБУЛ: Ауғанстанда тәліптердің шабуылдары айтарлықтай жиіледі. Дүйсенбі күні елдің орталығындағы Ұрұзған өлкесінде әскери жүк мәшинесі тасадан атқыланып, үкімет әскерінің 4 жауынгері оққа ұшты. Елдің оңтүстік-шығысындағы Забуль өлкесінде тәліптер жергілікті 5 тұрғынды дарға асып, атыс кезінде 3 жауынгерді оққа ұшырды. Өткен демалыс күндері АҚШ әскеріне шабуыл жасалды - Асабадтағы әскери база атқыланып, көмекке әскери авиацияны шақыртуға тураы келді. АҚШ жауынгерлерінің арасында адам шығыны жоқ.
Ауғанстанда АҚШ пен коалиция әскерлеріне қарсы тәліптердің шабуылдары соңғы кезде айтарлықтай жиіледі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV