Бағдад. Бүгін ирақтықтар Саддам Хұсейннің бейнесі бар ескі динарды ҚШ бастаған коалициялық билік қолдаған жаңа ақшаға айырбастауды бастады. Ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауға 3 ай мерзім берілді. Англияда басылып шыққан Саддамның суретінсіз жаңа ақша Ирақтың 250 банкіне түгел жеткізілді. Кеше Бағдадтағы Түркия елшілігінің сыртында бомбалы аутокөлік қопарылды. Машина ішіндегі жанкештінің өзі өліп, қопарылыстан 12 кісі жарақаттанды. Сондай-ақ кеше Түркияның Стамбул, Измир қалаларында да бомбалар қопарылды. Кісі шығыны болған жоқ.
Бүгін ирақтықтар Саддам Хұсейннің бейнесі бар ескі динарды жаңа ақшаға айырбастады бастайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV