Accessibility links

Қытай ғарышқа ішінде адамы бар зымыран ұшырды.


Гоби шөлі. Қытай. Бүгін Қытай бұрынғы Совет Одағы мен Құрама Штаттардан кейін үшінші болып, ғарышқа адам ұшырды. Гоби шөліндегі бұл оқиғаны тамашалауға қатысқан Қытай президенті Ху Джинтао ғарышкер Яң Лиуыйге сәт сапар тіледі:

"Біз сіздің сапарыңыз сәтті болып, аман-есен оралуыңызға тілектеспіз", - деді Қытай елбасы.

Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8 –де Шынджоу зымыраны 38 жастағы ғарышкер Янг Лиюиді ғарышқа алып ұшты. Қытай ғарышкері жер орбитасын 20 сағат ішінде 14 рет айналып шығып, жерге оралуға тиіс.
XS
SM
MD
LG