Америка Құрама Штаттарының Хьюстон және Жаңа Орлеан қалаларындағы әуежайларда бейсенбі күні кешке картон қағазды кесетін пышақтар мен жарылғыш заттардың жалған макеттері табылды. Бұл төтенше жағдай деп қабылданды. Дәл осындай пышақтармен 2001 жылы 11 қыркүйекте террорлық шабуыл жасағандар қаруланған болатын. Пышақтарды ұшаққа алып шықпақшы болған жолаушы қолма қол ұсталды.
Федералды тергеу басқармасының директоры Роберт Мюллер бұл жолы террорлық шабуылдың қаупі болған жоқ. Ұшақтармен жол жүру қаупі жоқ, деп бұқараға мәлімдеме жасады.
Террорлық шабуыл қаупі бар ма, жоқ па деген күдікпен "Оңтүстік-Батыс әуе жолдары" компаниясының барлық 385 ұшағы тексерілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер