Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Қазанның 21-де Шымкентте БҰҰ-ң гендер және даму бюросы мен Қазақстан президенті жанындағы отбасы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комитеті бірлесіп "Сандар сөйлейді" атты арнайы семинар өткізді деп хабарлайды біздің Оңтүстік өңірдегі тілшіміз.

Қазақстан президенті Н.Назарбаев республикадағы Қырғызстан елшісі Жұмағұл Сааданбековты, Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андрес Кертингті қабылдап, сондай-ақ Еуразия экономикалық қауымдастығының Бас хатшысы Григорий Рапотамен кездесті деп хабарлайды Қазақақпарат агенттігі. Германия елшісі Қазақстанның мемлекет басшысына канцлер Герхард Шредердің хатын тапсырған. Желтоқсанның 4-5-і күндері Германия канцлерінің Қазақстанға ресми сапары болады.

21 қазанда Алматыдағы İшкі істер халық комиссариатының бұрынғы ғимаратында саяси қуғын- сүргін жылдардың тарихы мұражайының ашылу рәсімі болып өтті деп хабарлайды Хабар агенттігі. Мұражайға қойылған құжаттар мен жәдігерлер Бекболат Мұстафин басқаратын қордан, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, "Қазақфильм" киностудиясының және жеке адамдардың мұрағаттарынан алынған.

"Республикалық инновациялық қор" ЖАҚ Алматы іргесінде орын тепкен Алатау ауылындағы техносаябақта жүзеге асыруға 20 ғылыми жоба ұсынбақшы деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігі. Бұл туралы 21 қазанда Алматыда өткен " Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық даму" атты конференцияда ЖАҚ басқармаларының төрағасы Асығат Жабағин хабарлаған.

21 қазанда Қазақстан президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Бұл туралы Президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарланған.
XS
SM
MD
LG