Accessibility links

Қазақстан Әділет министрлігінде «Қазақстандағы құқықтық реформаға ықпал ету: нотариаттық жүйені қайта жаңғырту» жөніндегі Еуро одақ жобасын қорытындылаған конференция басталды.


Қазанның 22-сінде Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы құқықтық реформаға ықпал ету: нотариаттық жүйені қайта жаңғырту» жөніндегі ТАСИС жобасының өз жұмысын қорытындылауына арналған конференция басталды. 18 ай шетелдік және 50 ай жергілікті сарапшылар нотариаттық жүйе жұмысына қатысып, бірқатар шараларды жүзеге асырды. Жобаны қаржыландыру Еуропалық Одақ арқылы қолға алынып, оған 1 миллион еуро қаржы бөлінді. Осының нәтижесінде республикада 16 аймақтық нотариаттық палаталар құрылып, олар республикалық нотариаттық палатаға біріктірілді.
XS
SM
MD
LG