Accessibility links

Бүгін Индонезияның ислам және христиан жетекшілері АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесті.


Онда Таяу шығыстағы америка саясатына байланысты пікірлер жайында айтылды. Діни жетекшілер өздерінің жақсы әсерде тарқасқанын, дегенмен сол пікір алмасулардың нәтижелі болуын көргісі келетіндіктерін айтқан. Баспасөз мәслихатында Джордж Буш дін тақырыбына байланысты өз пікірін былай жеткізген. Американдықтар өз азаматтарымен де қатары көбейіп жатқан ислам дініне үлкен құрметпен қарайды. Біз білеміз, Ислам азаттық пен шыдамдылық, алға жылжумен үйлеседі. өйткені біз оған дәлелдерді сіздерден және өз елімізден де көріп отырмыз, - деген АҚШ президенті. Үш сағаттық сапармен Индонезияда болған Америка президенті соңғы күндері Азия елдерінің алты елін аралады. Сосын ол Сингапурге келді.
XS
SM
MD
LG