Accessibility links

Жамбыл облысының зілзала зардабын шеккен ауылдар жайлы


Жамбыл облысының зілзала зардабын шеккен ауылдарында тұрғын үй құрылысының жүргізілу барасына ешбір бақылау жоқ.

Парламент Сенатының депутаты Тасбай Симамбаевтың айтуынша, Жамбыл облысының зілзала зардабын шеккен ауылдарда тұрғын үй құрылысының жүргізілу барасына ешбір бақылау жоқ.

Сенатор Симамбаевтың қазанның 23-күні болған Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысы Даниал Ахметовтің атына жолдаған сауалы осы жайында болды.

Қазір жамбыл облысының зілзала болған ауылдарында саланып жатқан үйлердің қүрылыс әлі аяқталмаған, күн болса суытты, кәрі-қартаңдар мен жас балалары бар жанұялар ыңғайсыз жағдайда тұрып жатыр дейді Сенатор Тасбай Симамбаев.

“Қыс та келді, 300-400 жанұя әлі күнге дейін палаткаларда, салқын сарайларда тұрады. Жерсілкінісінен кейін жұрттың бәрі патриоттанып барып сол жерге, “бәрін жасаймыз” деп осы даурығып еді. Енді бір облысқа 10-15 үй салу тапсырылды. Соны бір облыстың салуға шамасы жетеді ғой. Қазір орындамай жатқандар Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы тағы да басқа компаниялар бар. Соншама не деген бұл әкімдер? Кішкентай балалар, шал-кемпірлер далада,суық палаткада қонып жатыр. Көп болса бір аптадан кейін қар жауады. Сонда бұл жұрттың бәрі қайда барады? Үкімет басшылары, министрлер ағыл-тегіл барып жатыр. Сондағы жасаған жұмыс қайда? Менің пікірімше бұл жерде тәртіп пен бақылау жоқ. Қыс келгенде мал қыстайтын жер іздейді.Ал бұл жерде адамдардың тағдыры тұр ғой”.

“Кейбір әкімдер өз облыстарына үлкен басшылар келетін болса қандай да бір ғимараттың құрылысын тез арада аяқтап, сол басшылардың асты-үстіне түсіп жатады. Ал қарапайым халықтың жағдайына келгенде олар селсоқтықпен қарайды” - дейді сенатор Тасбай Симамбаев.

“Сондағы салып жатқандары шағын ғана үйлер, соған күштері жетпей жатқан не деген әкімдер? Ал егер үлкен басшылар сол облыстарға келетін болса, сол басшы үшін ғимараттарды тез арада бітіріп қояды ғой. Осыншама әлдеқандай қылып, ашылуын өткізіп,сол басш ылардың асты-үстіне түседі. Соған млн-даған ақша шығарады. Бұл дегеніміз популизм”.

Сондай-ақ Сенатордың айтуынша, Жамбыл өңірінде тұрғын үйлер салып жатқан құрылысшылардың да қазір жағдайы мәз емес.

Жан-жақтан құрылысшыларды, студенттерді алып келді үй салуға. Ал енді сол біраз әкімдер құрылысшылардың 3-4 айдан бері жалақысын бермей қойған,тіпті осыған дейін арнайы асханалары, жататын жерлері болған. Соның өзін жауып тастаған. Бұл жерде ешбір тәртіп жоқтығын көрсетеді осының бәрі.

Тасбай Симамбаев Өзінің депутаттық сауалында Үкімет басшысы Даниал Ахметовтен облыс және жерігілікті әкімдердің ісіне бақылау жүргізуді және тәртіп болу керет.
XS
SM
MD
LG