Бұл әрине конференцияны ұйымдастырушылардың күткендегісінен көп болғанымен, БҰҰ-ы мен Әлемдік банк Ирақтың төрт жылдық қайта құрылуына қажетті деп бағалаған 56 миллиард доллардан аз екендігі анық.
Ирақтың Басқару кеңесінің қазіргі төрағасы Лиад Алауи Мадридтегі қорытынды баспасөз-мәслихатында былай деді:
- Бүгін бізге беріліп отырған бұл көмек біздің аяғымыздан тік тұрып кетумізіге көмектеседі. Ирақ одан әрі көмек тілемейді. Өйткені басқалардың айтуынша, біз уақытша кедейленіп қалған бай-дәулетті елміз. Біздің адамдар басын жоғары ұстап, еліміздің барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізуге тырысады.
АҚШ-ң мемлекеттік департаменмті донорлар конференциясының табысы Вашингтон күткендегіден де асып түскенін атап өткен. Департамент өкілі тілшілерге бұл қаржы мен Ирақтың мұнайынан түскен табыс екеуі қосылып, Ирақ азаматтарының әл-ауқатын жақсартып, елдің еңсесін көтеруге қызмет ететін болады деп айтқан.
АҚШ пен Ирақтың өкілдері жәрдем беруші елдердің халықаралық конференциясында Ираққа береміз деген көмек кепілдігінің 33 миллиард долларға жеткенін жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV