Бұл сапардың мақсаты келесі жылдың бірінші жартысына жоспарланған екі елдің жоғарғы дәрежелі басқосуына дайындық шаралары. Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын Британия үкіметбасы Тони Блэрге тапсырады. Сондай-ақ ол Сыртқы істер министрі Стромен және консерваторлардың серкесі Анкраммен, Кент патшазадасымен, британдық парламент мүшелерімен кездеседі. Бұған қоса Патшалық Халықаралық қатынастар институтында Қасымжомарт Кемелұлы Қазақстаның сыртқы саясаты туралы баяндама жасайды,-деп Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау бөлімі Қазақстан тудейге хабарлаған.