Accessibility links

ҚШ Ирақ қауіпсіздік күштерінің санын ұлғайтпақ.


Вашингтон. ҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд ҚШ-ның Ирақ қауіпсіздік күштерінің санын өсіруді көздеп отырғанын мәлімдеді. Атап айтқанда Рамсфелд бүгінге дейін жасақталған 100 000 Ирақ қауіпсіздік күштерінің санын одан да көбейту жоспарланып отыр деді. Егер, бүгінде Ирақтағы ҚШ әскерінің саны 130 000 болса Ирақ қауіпсіздік күштерінің саны одан асып түспек. Ал, Ирақтағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауы БҰҰ-ның өзінің Бағдадтағы өз қызметкерлерін әкетуіне түрткі болды. Қызыл крест ұйымы да Ирақтан өз қызметкерлерін әкеткелі жатыр. Өткен түні Бағдадта қопарылыста тағы да екі кісі опат болды.
XS
SM
MD
LG