Accessibility links

Европалықтарды Буш Ауғанстанға молырақ жәрдем беруге шақырды.


Вашингтон. ҚШ президенті Дж.Буш Италия үкімет басы Силвио Берлускониге телефон шалып Ауғанстанды қалыпқа келтіру ісіне Евроодақты молырақ қаржылай жәрдем беруге шақырды. Евроодақтың ауыспалы президенттігі биыл Италия иелігінде екені аян. 2002 жылы қуатты елдер Ауғанстанға алдағы 5 жыл ішінде 4,5 миллиард доллар беруге уәде еткен болатын. Алайда Ауғанстанды қалыпқа келтіруге бұ қаржы аздық етіп отыр. БҰҰ-ның ҚК-ның жоғары дәрежелі делегациясы бүгін-ертең Ауғанстанда болып, елдің жағдайымен және қалыпқа келу барысымен таныспақ.
XS
SM
MD
LG