Accessibility links

Ресей қаржы алпауыты Михайл Ходорковский кеше Ресейдің Юкос мұнай компаниясының басшылығынан кетті.


Мұндай қадамға баруын ол өз жұмыс істеу мүмкіндігін сақтап қалу үшін жасаған тұрғыда түсіндірді. Ходорковскийге алаяқтық және тиісті салықты төлеуден жалтарғаны үшін деген айыптар тағылып отыр. Мәскеудегі түрме камерасынан жасаған мәлімдемесінде ол алдағы уақытта Ашық Ресей қорын құрып, соның жұмысына күш салатындығын айтты. Бұл ұйым Ресейді ашық және демократиялық жолға салу бағытында жұмыс істейтін болады деді ол. Осы жаңалық тұсында Юкостағы акциялар 13 пайызға көтеріліп кеткен болатын. Қайбір саяси сарапшылардың пікірінше, Ходорковскийдің тұтқындалуының саяси астарлары бар. Себебі ол желтоқсанда болатын Парламенттік сайлаулар алдында елбасы Путиннің қарсыластарын қаржыландырған-міс. Ал, Путин болса, арнайы мәлімдемесінде Ресей іскер адамдары заңды сыйлауды үйренуі керек-, деді.
XS
SM
MD
LG