Accessibility links

Нашақорлық қаупіне жастар алаңдаушылық танытуда


Қарашаның 4-і күні Қазақстанның әр түкпірінен келген 200-ден аса жас Астанада бас қосты. Олар нашқорлықтың алдын алудағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Мақсат-студенттер мен оқушылар арасында есірткіге қарсы қозғалыс ұйымдастыру.


Әділет министрлiгi және Білім және ғылым министрлігiнiң ұйымдастыруымен өткен басқосуға басқа да мемлекеттік мекемелер атсалысты.

Қазір елде есірткіге тәуелді 50 мың адамның 4 пайызы кәмелетке толмағандар, жыл сайын нашқорлық жасаруда. Нашақордың орта жасы 11 жастан-35 жасқа дейін.

Жамбыл облысының Тараз қаласынан келген студент Ғалымжан Батырханов, есірткіге бой үйретіп жүрген өз замандастарына көмек керектігін айтты.

- Жамбыл облысының Тараз қаласындағы жастар арасында есiрткiге бiртiндеп бой үйретiп келе жатқандар бар. Олар қазiргi уақытта есiрткiнi жиi қолданып келедi. Болашақта оларға көмек керек. Бiр адам болады есiрткiнi әкелетiн, соны олар iздеп тұрады. Сол адамға бейiмделедi. Әркезде әр қалай пайдаланды. Дискотекада, кей кезде жәйдан-жәй есiрткiнi пайдаланады. Мен олардан, бұдан не болады деп сұрағам, олар маған, «бiз одан рахат аламыз», деп жауап бердi. Нашақорларға деген жиiркенiш пайда болды.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысының, Петропавл қаласынан келген мектеп оқушысы Арман Мұхамеджанов,жастардың бұл проблеманы түсінетіндігін, алайда, оның алдын алу жолдарында жұмыстану керектігін айтты. Оның айтуынша, соңғы алты жылда Солтүстiк Қазақстан облысында нашақорлар саны үш есе артқан. 2003 жылдың бiрiншi қазанына дейiнгi жағдай бойынша 1187 адам есiрткi пайдаланушы ретiнде есепке алынған. Оны беске немесе онға көбейтуге болады. Өйткенi, әрбiр нашақор адам қасындағы 5-10 адамды нашақор қылады.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің бас маманы Қамбарбек Мұсабеков, «есірткіге қарсы күрес әлі де жетімсіз»,- деп есептейді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ресми тіркелген есірткіге тәуелді адамдар, шынайы жағдайдан анағұрлым көп.
XS
SM
MD
LG