Accessibility links

Бағдадтың орталығындағы уақытша американ-британ әкімшілігі орналасқан ғимараттар кешенінің іргесінде болған бірнеше жарылыстан 4 кісі жараланды.


БАҒДАД: Сейсенбі күні кешкісін Бағдадтың орталығындағы уақытша американ-британ әкімшілігі орналасқан ғимараттар кешенінің іргесінде болған бірнеше жарылыстан 4 кісі жараланды. Куәгерлердің хабарлауынша, жарылыстың кем дегенде бірі – зымырандық атқылаудың нәтижесінде болған. Дүйсенбі күні де әлгі аудан минатақыштардан атқыланып, құдай сақтап ешкім жапа шекпеген. Өткен тәуліктерде мина жарылысынан 1 АҚШ жауынгері мерт болып, екеуі жараланды. Британ қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Басра қаласында британдық теңіз жаяу әскері оққа ұшты. Ал Испания – террористік қастандықтардың жиілеуі салдарынан Бағдадтағы дипломатиялық өкілдігінің бір бөлігін алып кететінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG