ТБИЛИСИ: Сәрсенбі күні АҚШ-тың Тбилисидегі елшісі Ричард Майлс президент Э.Шеварнадземен кездесуі кезінде жексенбідегі парламент сайлауынан кейін Грузияда басталған саяси дағдарысқа Вашингтонның алаңдап отырғанын жеткізді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Эрели Грузияның Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды есептеуін аяқтап, дауыс беру барысында орны болған кемшіліктер мен заңсыздықтардың салдарын азайтуға тырысып бағады деген үмітін білдірді. Сәрсенбі күні Тбилисидің орталығында парламент сайлауының қорытындысына риза емес оппозицияны қолдайтындардың бірнеше мыңдық кезекті митингісі болып өтті.
АҚШ елшісі Р.Майлс президент Э.Шеварнадземен кездесуі кезінде жексенбідегі парламент сайлауынан кейін Грузияда басталған саяси дағдарысқа Вашингтонның алаңдап отырғанын жеткізді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?