Accessibility links

Ә.Көшербаева: Маңғыстау өңіріндегі Химиялық кешеннің технологиялық тізбегін жетілдіруге биыл 10 мл. доллар қаржы жұмсалды.


АҚТАУ: Маңғыстау өңіріндегі Химиялық кешеннің технологиялық тізбегін жетілдіруге биыл 10 мл. доллар қаржы жұмсалып, жылына 120 мың тонна аммиак селитрасын шығару өндірісін жолға қою жоспарлануда. Ол жайында Қазақстан тудэй агенттігіне экономика және өнеркәсіп бойынша облыстық басқарманың бастығы Әділбек Көшербаев хабарлады. Оның ақпары бойынша, “Ақтал лимитед” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тән - күкірт және азот қышқылдарын 840 және 360 мың тонна көлемінде, 200 мың т. аммиак, 48 мың т. нитроаммафос, 72 мың т. көлемінде натрийдің триполифосфаты сынды өнімдермен қоса, жаңа өнімдер шығару көзделуде.
XS
SM
MD
LG