Accessibility links

Кеше Ресейдің Мемлекеттік думасына өткізілетін кезекті сайлауға бір ай қалғанда науқан ресми түрде басталды.


Мәскеудің әр жерінде бірнеше саяси партиялар жиындар өткізді. Ең көп халық -шамамен 50 мыңға тарта адам үкіметтік Ресей одағы партиясы ұйымдастырған концертке келген. Оңшыл күштер одағы мен Яблоко партиясы бірлесіп өткізген жиналысқа 2 мыңдай кісі қатысса, олардың сыртта ұйымдастырған концерттерін 7 мың адам тамашалаған. Ресей астанасының енді бір бөлігінде Солшыл күштер ұйымдастырған шеруге 12 мыңдай адам қатысқан. Полиция ешқандай қақтығыстар болған жоқ деп хабарлайды. Кеше Ресей 1917 жылғы бұрынғы Большевиктік революция күнін енді ресми түрде аталған Келісім күні ретінде атап өтті.
XS
SM
MD
LG