Француз президенті Жак Ширак Путинге арнап, таңғы қонақасы беріп, іскерлік әңгімелерді талқылаған соң, Ресей басшысын әуежайға дейін шығарып салған. Путин мұнда Римнен Ресей - Европа Одағының жоғарғы дәрежелі саммитінен соң келген. Аталған саммитте келесі жылдың аяғына қарай Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдану мәселесі оң шешілді. Дегенмен жоғары дәрежелі басқосуда Ресейдегі ірі мұнай компаниясы ЮКОСТ-тың маңайында қалыптасқан ахуал мен Шешенстандағы орыс әскерилері жөнінде де көлеңкелі әңгімелер болды. Римде сондай-ақ Вл. Путин Рим папасы Иоанн Павел екіншімен де кездесті.