Accessibility links

АҚШ үкіметі Түркияның Ирақты тұрақтандыруға көмектесу үшін әскер жібере алмаймыз деген шешімін түсінетіндіктерін айтқан.


Бұл жөнінде АҚ үйдің өкілі Ричард Баучер журналистер алдында мәлімдеген. Түрік үкіметі өткен айда бір жылдың ішінде Ирақта 10 мыңдай әскер орналастыруға ниет білдірген болатын. Алайда бұны Ирақтың Басқару кеңесі мен басқа да бірқатар топтар оншалықты қолдай қойған жоқ. Баучер Түрік жасақтарын Ирақ жеріне әкелмеу турасындағы шешім АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл мен Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүлдің арасында телефон арқылы болған әңгімеден кейін қабылданды деген. - Мемлекеттік хатшы бұл мүмкін қолайлы уақыт емес шығар, мәселе тым сезімтал болып тұр деп айтты. Бұл оймен сыртқы істер министр Гүл де келісіп, жағдайды қайта қараған соң, мүмкін Түркия да өз ұсынысын өзгертер деген ой білдірді, - дейді Баучер. Кеше Ирақ жерінде Американың 6 әскері Тикрит қаласының маңайында тікұшақ апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан. Әскерилер бұл апаттың қалай болғанын тексеріп жатыр. Ал Мосул жағында партизандар Америка жасақтарының тізбегіне жарылғыш заттармен шабуылдап, бір солдатты өлтіріп, бірнешеуін жаралаған.
XS
SM
MD
LG