Accessibility links

Ауғанстанның Забул провинциясында аймақтық үкімет үйіне Талибан тобы деп күдіктелгендер шабуыл жасаған кезде ең кемінде 8 адам қаза тапқан.


Ауған үкіметі сондай-ақ кеше елдің солтүстігіне бір топ адамдар жіберіп, мұндағы өзара қырқысушы бәсекелес жақтарды бір күшке біріктіруге тырысқан. 2001 жылы қаршада Талибан жүйесі құлағаннан бері этникалық өзбектердің Абдұл Рашид Достұм бастаған жасақтары мен этникалық тәжіктердің Атта Мохаммед бастаған топтары өзара жауласып келеді. Үкіметтік топ адамдары олардың қолдарындағы барлық қару-жарақты алып, олардың бірлесіп бір күшке бірігуіне қол жеткіземіз деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG