ШЫМКЕНТ: Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай сапарға келеді. 4 күндік сапар барысында парламент спикері Сарығаш ауданында жергілікті халықпен жүздесіп, бірқатар кәсіпорынды аралап көріп, аталмыш ауданның 35-жылдық мерейтойына қатысады. Жармахан Тұқбай – Сарығаш ауданында туып, парламентке осы ауданнан депутат болып сайланды. Оның сайлаушыларға берген негізгі уәделерінің бірі – ауданға су құбырын тартқызу болатын. Сарыағаш ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ас суға аса мұқтаж өңірлердің бірі.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай сапарға келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр