Accessibility links

Қазақстандық ұйғырлар Шығыс Түркістан Ислам Республикасының құрылған күнін атап өтті


Сәрсенбі күні Алматыда ұйғыр халқының зиялы қауымы бас қосып, Шығыс Түркістан Ислам Республикасының тарихы жөнінде әңгіме қозғады. Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі Қаһарман Қожамбердінің айтуынша, 12 қараша ұйғыр халқы үшін ерекше күн.

- 12 қараша күні ұйғыр жерінде азаттық қозғалыс жеңіске жетіп, Құлжада ұлт азаттық қозғалыстың төрағасы Илхам төре Шығыс Түркістан Ислам Республикасының құрылғанын жария еткен күн. Бұл республика 1949 жылы желтоқсан айында коммунистік қытай армиясының басып кіруімен жойылып кетті. Тарихта содан бері 59 жыл өтті.

Қаһарман Қожамбердінің айтуына қарағанда, ұйғырлардың тарихи отаны саналатын Қытайдағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданында бүгінде олар сан жағынан азшылыққа ұшырап отырған көрінеді.

- Қытайлардың мақсаты – ұйғырлардың тілін, дінін қытайландыру. Біз бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдарында жазып та, айтып та жүрміз, - дейді ол.

Қаһарман Қожамберді мырза өз отандарында аз ұлтқа айналып бара жатқан ұйғырлардың жағдайын түзету үшін Қытайдағы коммунистік режимді өзгерту керек дейді.

- Бұл мәселені шешу үшін Қытайдағы коммунистік түзімді өзгерту керек. Қытайдағы комунистік түзім өзгермей бұл мәселенің шешілетініе көзім жетпейді. Қытайда комунистік түзім саяси сахнадан түскеннен кейін демократия орнап жағдай түзелуі мүмкін, - дейді ол.
XS
SM
MD
LG