2006 жылдың соңына дейін Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше 5 мемлекеттегі кедендік одақтың құрылымын аяғына дейін жеткізу қажет. Ол үшін осы 5 ел арасында кем дегенде 50-60 келісімдерге қол қойылу керек.
Бұл кеңес-семинардың мақсаты – кедендік бақылауды іске асыру кезіндегі басқару жүйесі мен қауіп-қатерді талдау бойынша бірыңғай тұжырымдама жасау болып отыр.
Семинарға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның кеден қызметтерінің өкілдері қатысуда.
Алматыда Еуразиялық экономикалық қауымдастығына мүше 5 елдегі кедендік мәселелер жөнінде кеңес семинары өз жұмысын бастады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV