Accessibility links

Ермұрат Бапидың соты


Қарашаның 12-сінде Алматы қаласындағы Медеу аудандық сотында СолДат газетінің бас редакторы Ермұрат Бапи үстінен қозғалған сот ісі одан әрі жалғасты.

Сот мүшесі Қанат Сырлыбаев төрағалық етіп отырған сот отыврысында Ермұрат Бапиды айыптаушы ретінде қатысып отырған Медеу аудандық прокурор Нұржан Тұрдықұлов осыдан үш жыл бұрынғы экс-прембер Әкежан Қажыгелдиннің оққағарлары Афанасенко мен Ибраевтардың сотталған сот ісінде мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқандығын Ермұрат Бапи сот төрағасының есіне салды.

Бұдан соң куәлер шақырылып, сұрақ қойылды. Алдымен куәгер ретінде ТОО Реформа орталығының кеңесшісі, Республикалық Халық Партиясы атқару комитетінің баспасөз хатшысы Әлмира Құсайынова сұрақтарға жауап берді. Ол Е.Бапиді 1998 жылдан бері танитандығын ал Солдат ЖШС-нің құрылтайшылары Сергей Власов пен Нұрлан Смағұловты да танитындығын айтты. Оның айтуынша запастағы майор С.Власов пен запастағы подполковник Н.Смағұлов екеуі де Ауған соғысының ардагерлері болған. Олар РХП ның атқару комитеті төрағасы Ә.Қосановтың жеке қорғаушылары қызметін атқарыпты.

Бұдан соң Солдат ЖШС директоры қызметін 2 жылдай уақыт істеген Арғынғазы Мадиянов куәгер ретінде шақырылып, сұрақтарға жауап берді.

Осыдан кейін Е.Бапидің және оның қорғаушысының талап-тілегі бойынша Е.Бапидің үстінен сот ісін қозғаған Алматы қалалық қаржы полициясының тергеушіліері Сергей Пальчак және Мақсат Дүйсенов екеуі шақырылып, сұрақтарға жауап берді.

Е.Бапидің үстінен жүріліп жатқан сот процессі қарашаның 13 і күні жалғасады.
XS
SM
MD
LG