Accessibility links

15 айдан бері Сербия тұрғындары ел басын сайлай алмай келеді.


Бұдан бұрынғы екі сайлаулар барысында да үміткерлер 50 пайыздық дауыс жинақтай алмағандықтан аталған іс жеріне жетпей тынған болатын. Саяси сарапшылардың пікірінше, оппозицияның бойкот жариялауы және сайлаушылардың аталған науқанға қатысудағы ынтасының төмендігі себепті бүгінгі сайлаулар да нәтижесіз аяқталуы мүмкін. Өткен жылдың желтоқсан айында Сербияның бұрынғы ел басы Милан Милутинович БҰҰ жанындағы соғыс қылмыскерлеріне арналған сотқа тартылып, өзінің бұрынғы басшысы Милошевичтің қатарына барып қосылған болатын. Ал, оның бес жылдық ел басылық қызметі аяқталғаннан бергі аралықта, яғни 15 айдан бері Серб елі мемлекет басшысынсыз өмір сүруде.
XS
SM
MD
LG