Accessibility links

Стамбулдағы екі синагогада кеше орын алған жарылыстар салдарынан кем дегенде 23 адам қаза болып, 242-сі жараланған.


Түрік полиция қызметкерінің сөзіне қарағанда, жараланғандар әзірге ауруханада емделуде. Зерттеулер аяқталмайынша қандайда бір алдын-ала деректер бере қою әлі ертерек-, дейді ол. Түрік ресми өкілдерінің сөзіне қарағанда бұл оқиғалардың сыртында мүмкін әл-Қайда ұйымына қатысы бар халықаралық террорлық топтар тұрған болуы ықтимал. Жарылыс кезінде сол аймақтағы үйлер мен көліктер көп зардап шеккен екен. Израйль Сыртқы істер министрі Стамбулға келіп, еврей тұрғындарымен кездесті-, дейді Франс пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG