Дүйсенбі күнгі сот мәжілісі әуелі сот мүшесі Қанат Сырлыбаевтың Е.Бапиге қатысты сот тергеу жұмыстарының қортындысын таныстырудан басталды. Бұдан соң сотқа төрағалық еткен Қанат Сырлыбаев Е.Бапиге қатысыты сот үкімін оқыды.
Е.Бапиге тағылған үш түрлі айыптың бірі яғни заңсыз кәсіпкерікпен айналысты деген айып сот тергеуі барысында жақсы дәләлденбеді , ал қалған екеуі яғни салық төлеуден жалтарды, бүхгалтерлік есепті бұзған деген айыптар қалдырылды. Сонымен Қазақстанның қылмыстық кодексінің 218 және 222-баптарына сай ол кінәлі деп танылды. Сондықтан Е.Бапиге бір жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы және бес жылға дейін газет жұмысын істеуге тиым салу жазасы берілді және 21 мың 800 теңге айыппұл тағылды. Бұның сыртында сот Е.Бапиден сот шығынына кеткен 112 мың теңгені өндіру жөнінде шешім шығарды.
Сот үкімін естіген Е.Бапи және оның қорғаушысы Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Мұстахим Төлеев соттың бұл үкімімен өздерінің келіспейтіндіктерін 10 күннің ішінде Алматы қалалық сотқа шағымданатындықтарын мәлімдеді.