Accessibility links

Кен игеру саласында болатын жаңа келісім -шарттарға салық салудың жаңа тәртібі


Парламент қаруындағы «Қазақстан Республикасындағы кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жедел қаралуға жататын құжат болып табылады.

Үкіметтен келіп түскен заң жобасында кен игеру саласында болатын жаңа келісім шарттарға салық салудың жаңа тәртібі көзделген.

Мәжілістің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінде қарашаның 17-і күні осы заң жобасы талқыланды.

Депуттар Үкімет ұсынып отырған заң жобасына өз тараптарынан ұсыныстар түсірді. Ол экономиканың әр саласы бойынша салықтық жеңілдіктерді беру немесе ұзарту жайын қарастырады. Алайда, үкімет депуттар ұсыныстарының бәріне бірдей қолдау көрсеткісі жоқ. Өйткені, депутаттар көтерген мәселелер ұсынылған заң жобасында қаралмаған.

Экономика және бюджетік жоспарлау министрінің орынбасары Қайрат Айтекеновтің айтуынша, жобада жаңа кен игерушілер үшін экспорттық мұнайдың көлеміне қарамастан оларға рентік салық енгізілетін болады.

«Келешек ұрпақты қорғау үшін, болашақта мұнайдан түсетін кіріске нормаларды бүгінгі күні бекіткіміз келеді», - дейді Қайрат Айтекенов.

Парламент депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары үшін салықтық жеңлдіктерді ұзарту, машина жасау және қайта өңдеу тағы басқа да салалар бойынша жеңілдіктер беруді сұрап отыр.

Мәжілістің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Қаратай Тұрысовтың айтуынша, жеңілдік сұрап отырған мәселелер біраз қаржыны қажет етеді.

Жоғарыда аталған құжат Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады.
XS
SM
MD
LG