Accessibility links

Батыс Қазақстанда облыс халқы 1,5 мың адамға көбейді.


Облыстық статистика басқармасынан алынған алдын ала мәліметтер бойынша 2003 жылғы қазанның 1-іне дейін Батыс Қазақстанда 603,4 мың адам тұрса, соның 258,2 мыңы (42,8 %) – қалада, 345,2 мыңы (57,2 %) ауылда тіркелген. Жыл басынан бері аймақ халқының саны 1,5 мың адамға көбейіп отыр. Әсіресе, халық өсімі Орал қаласында (2065 адам) жоғары, деп хабарлайды Қаз Ақпарат тілшісі. 2003 жылдың қаңтар-қыркүйегінде халықтың табиғи өсімі 1937 адамды (өткен жылғы осы кезеңде – 1106 адам) құрады. Бұл барлық ауданға тән жағдай болып отыр. Өсім, әсіресе, Бөрлі (378 адам) және Ақжайық (269) аудандарында жоғары.Өткен тоғыз айда дүниеге 7118 сәби дүниеге келді, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 870 нәрестеге немесе 13,9 пайызға көп. Экологиясы мен экономикасы жақсы Ақжайық өңіріне Қарақалпақстан,Түркіменістан мен Ресейден келген оралмандарда қоныс аударуды қалайды.
XS
SM
MD
LG