Accessibility links

Президент Дж.Буштың айтуынша, алдағы жылғы шілденің 1-інде Ирақтың уақтынша үкіметі құрылғанның өзінде АҚШ ол елден өз әскерлерін алып шығып кетпейді.


Дж. Буш бұл жөнінде, Ақ үйдегі кездесу кезінде, Ирақтан келген әйелдер тобына айтқан. - Мен ирақтық ол 5 әйелге, терроршылар біздің кетуімізді қалағанымен Ирақтың жаңа жетекшілері өз үкіметтерін аяққа тұрғызып, бейбітшілік орнату мүмкіндігіне ие болғанда ғана шығып кетуіміз мүмкін, дедім, - деген АҚШ президенті. АҚШ пен Ирақтық басқару кеңесінің келісіміне орай, алдағы жылдың орталарына дейін өтпелі үкімет құрылуы қажет.

Ал, Германия Сыртқы істер министрі Йошка Фишер, дүйсенбі күні, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Пауелмен кездескеннен соң, АҚШтың Ирақтағы үкімет билігін өз иелеріне беру жөніндегі әрекетіне өз ризашылығын айтқан. - Меніңше, Ирақтағы билікті жергілікті басшылыққа тезірек өткізу жоспары негізгі шара болуы қажет. Мен бұл жөнінде Ирақтағы уақтынша елші Пол Бремермен кеңестім. Ол БҰҰ өкілімен бірлесе отырып жұмыс істейтін болады, - деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел. Ирақтағы басқару кеңесінің пікірінше, алдағы жылы жаңа үкімет құрылып, 2005-жылдың соңына дейін Ирақ елінің тұрақты Ата заңы да жасалып қалуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG