Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыс бейбіт құбылысы жөнінде Ресей ұсынған қаулының жобасын мақұлдады. Бейбітшілік орнату жобасы "жол картасы" деген атаумен белгілі. Бітімгершілік жоспарын әу бастан Ресей, АҚШ, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Европа Одағы ұсынған.
Қаулының қабылдануына Израил қарсылық танытты. "Жол картасы" жоспары Палестина 2005 жылға таман тәуелсіздікке қол жеткізе алады деп, екі тарапқа бірнеше міндет жүктейді.
Палестина бас министрі Ахмед Кюрей кеше Египеттің ара-ағайындығымен палестиналық жауынгерлік топтарға тоқтау салуға әрекет жасады. Израил болса АҚШ басшылығының теріс көзқарасына қарамастан Батыс жағалаудағы қорғанды салуды жалғастыратынын айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV