Accessibility links

Ирақта партизандарға қарсы шабуылдар жалғаса түсті


Партизандық топтарға қарсы бағытталған АҚШ әскерінің шабуылдары кеше жалғаса түсті. Партизандық қимылдардың салдарынан Ирақта соңғы алты айда 179 американдық сарбаз қаза тапқан. АҚШ ұшақтары қарсыластар бекінді деген жерлерге Киркөк қаласының маңында 450-килограммдық ауыр бомбаларды тастады. Бакуба және Тикрит қалаларының төңірегіндегі нысаналар ауыр қарулардан атқыланды. Бағдад қаласында да шабуылдар жасалды. Ал бүгін түнде Рамади қаласында американшыл діни басшы, суннитердің басты топтарының бірі - Дүлейм руының жетекшісі Шейх Әмір Әли Сұлейманның үйінің жанында мәшинеге қойылған бомба жарылды. Сүлейманның өзіне зақым келмесе де, бір бала қаза тапты.
XS
SM
MD
LG