Бүгін Бағдадта бірнеше нысана бомбаланды. Екі қонақүй және Ирақ мұнай министрлігінің ғимаратына шабуылдар болды. Палестина қонақүйі алдында бір кісі жарақаттанды. Сондай-ақ бір зымыран Бағдадтағы Италия елшілігінің жанына келіп түскен.
Бұл зымырандардың бәрі де көшеде көп жүретін есек арбалардағы қондырғыдан атқыланғаны белгілі болған. Шабуылды көзбен көрген Бағдад тұрғыны былай дейді:"Таңғы сағат 7.15 осы маңда өте қуатты қопарылыс болды. Төңірек дір ете түсті."