Accessibility links

Грузияда төтенше жағдай жарияланды


Грузия астанасы Тбилисиде оппозицияны қолдаған халық бүгін тәңертен ниетін жалғастырды. Оппозиция бастаған жұрт парламентті басып алып, президент Эдуард Шеварнадзе ғимараттан тез арада кеткен соң төтенше жағдай жарияланды. 2-ші қарашада болған даулы парламенттік сайлау кеше осындай жағдайға әкеліп соқты. 75-жасар Эдуард Шеварнадзе отыз күнге төтенше жағдай жариялады, әскер мен полицияға төтенше құқық берді. "Тәртіпті тез арада қалпына келтіреміз, қылмыскерлер жазасын алады", деді Шеварнадзе. Оппозиция парламентті басып алуын "бейбіт революция" деп сипаттайды. Оппозиция Шеварнадзе президенттік сайлауды жариялап, тез арада орнынан кетсін деп талап қойды. Демократиялық оппозиция басшыларының бірі Нино Бурджанадзе шұғыл сайлауға дейін президент міндетін атқаруға дайынмын деді.
XS
SM
MD
LG