Accessibility links

4-5-інші желтоқсанда ҚР-сына Германияның Федералдық канцлері Герхард Шредер ресми сапармен келеді.


АЛМАТЫ: 4-5-інші желтоқсанда ҚР-сына Германияның Федералдық канцлері Герхард Шредер ресми сапармен келеді. Германияның Қазақстандағы елшілігінен қазақ ақпарат агенттігіне хабарланғандай, неміс канцлерімен бірге Қазақстанға құрамында Германия Бундестагының депутаттары, ерекше қонақтар, герман экономикасының өкілдері мен 30-ға жуық журналист бар 150 кісіден тұратын үлкен делегация келмек. Сапар бағдарламасына сәйкес, Қазақстан мен Германия арасындағы бірқатар келісімге қол қойылады деп күтілуде, сондай-ақ Қазақстанның саясаткерлерімен және іскерлерімен кездесулер жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG