ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Гүржістан президентінің міндетін атқаруға кіріскен Нино Бурджанадземен ынтымақтастық орнатуға әзірлеген мәлімдеуде. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер – Нино Бурджанадзенің Гүржістанның демократиялық тұтастығын сақтауға бағытталған күш-жігерін Вашингтонның қолдайтыны ерекше атап көрсетілген жазбаша мәлімдемені оқып берді. Құжатта атап көрсетілгендей, ерікті парламент сайлауларын өткізуге Гүржістанның жаңа үкіметіне АҚШ пен халықаралық қауымдастық қол ұшын беруге дайын. Мәлімдемеде, сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлдің Нино Бурджанадзені қолдайтынын және Қапқаз республикасының конституциясына сай әрекет етуге шақырып телефон соққаны айтылады.
Америка Құрама Штаттары Гүржістан президентінің міндетін атқаруға кіріскен Нино Бурджанадземен ынтымақтастық орнатуға әзірлеген мәлімдеуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV