БАҒДАД: Ирақтың Басқару кеңесі терроризмге қарсы күрестің кең ауқымды жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Кеңес төрағасы Джалал Талабанидің айтуынша, жоспар күш қолданумен қатар, жергілікті баспасөз құралдарында террористерге қарсы арнайы науқан ұйымдастыруда қарастырады. Дүйсенбі күні Басқару кеңесі Дубаиде орныққан сателлиттік “Әл-Арабия” телеарнасының журналистеріне Ирақта жұмыс істеуге тыйым салды. Оның Бағдадтағы кеңсесі жабылды. “Әл-Арабия” телеарнасына болжам бойынша Саддам Хусеиннің Басқару кеңесінің мүшелерін өлтіруге шақырған үндеуін эфирге шығаруына байланысты тыйым салынды.
Ирақтың Басқару кеңесі терроризмге қарсы күрестің кең ауқымды жоспарын жүзеге асыруға кірісті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Армения-Әзербайжан шиеленісі
Жарылыс, босқындар және ереуіл. Таулы Қарабақтағы жағдайдың мән-жайы
AzattyqTV