ЛОНДОН: Британ премьері Тони Блэр мен Франсия президенті Жак Ширак Лондондағы кездесуі барысында екі жақты қатынастарды, Ирақтағы ахуалды, ЕурОдақтың қорғаныс саясаты мен конституциясын талдасты. Ұлы Британия мен Франсия арасында көп талас туғызған Ирақ мәселесіне келгенде Ж.Ширак тағы да Ирақтағы билікті ертерек жергілікті халықтың қолына беру қажеттігін мәлімдеді. ЕуроОдақтың қорғаныс саясатына келгенде Ж.Ширак пен Т.Блэр, соңғысының айтуынша, оның негізі НАТО болып қала беруі керек деген ортақ пікірге келген. Ж.Ширак Ұлы Британия патшайымы ІІ-інші Елизавета мен Т.Блэрді одақтастар әскерінің Нормандияға келіп түсуінің 60 жылдығына арналған жазғы салтанатқа шақырды.