Accessibility links

Грузия парламенті бүгін алдағы президенттік сайлауға дайындықты талқылауға кірісті.


Тбилиси. Грузия парламенті бүгін алдағы президенттік сайлауға дайындықты талқылауға кірісті. Ішінде радикал оппозициялық қозғалыс жетекшісі Михаил Сакашвили де бар президенттіктен дәмелі грузин саясаткерлері өз ниеттерін білдіре бастады. Грузия конституциясы бойынша президент өз жұмысынан бас тартқан жағдайда жаңа президент сайлауға 45 күн мезгіл беріледі. Қарашаның 2 де өткен парламенттік сайлау әділетсіз өтті деп және ел басшылығын коррупцияға батты деп айыптаған наразылық шеруінен кейін Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварнадзе өз қызметінен жексенбі күні бас тартқаны белгілі. Содан кейін парламент төрайымы Нино Буржанадзе президенттік билікті уақытша қолға алып қарашаның 2 де өткен парламенттік сайлауды заңсыз деп жариалады. 1999 жылы сайланған бұрынғы парламентті бүгін бас қосуға шақырды. Бүгін президент қызметін уақытша атқарушы Нино Буржанадзе егер де ел басшылығы қауырт шараларды қолға алмаса экономика күйреу алдында тұр деп мәлімдеді. "Біз зейнетақыларды төлей алмай отырмыз. Біз жалақыларды төлей алмай отырмыз. Біз әскер мен полицияға да ештеңе төлей алмай отырмыз", - деді Буржанадзе.
XS
SM
MD
LG