Accessibility links

К.Пауэлл: Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Қарардың баршаға ортақ нұсқасы Америка Құрама Штаттарын қанағаттандырады.


ВАШИНГТОН: Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Қарардың баршаға ортақ нұсқасы Америка Құрама Штаттарын қанағаттандырады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл осылай деп мәлімдеді. Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттіктің Иранға байланысты қабылдауға тиісті Қарардың мәтіні бойынша АҚШ, Ұлы Британия, Франсия және Германия өзара келісімге келді. Оған сәйкес, Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәселе Теһранға қарсы жаза жаза қолдану мақсатында БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне әзірше берілмейді. Алайда егер Иранның ядролық ізденістермен астыртын түрде шұғылданып жатқаны әшкерелінген жағдайда, МАГАТЭ дереу шара қолдануға тиіс. МАГАТЭ басшылығы Қарарды бүгіннен қалдырмай бекітеді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG