Accessibility links

Педагог-ғалымдар білім беру жүйесінің мәселелерін талқылауда


Қарашаның 26-27 күндері Алматыда «ХХІ ғасырдағы орта білім: ізденістер, проблемалар және білім берудің болашағы» деген тақырыпта республиканың барлық аймақтарынан келген мұғалімдер, білім беру министрлігіне қарайтын ведомоство өкілдерінің қатысуымен ІІ республикалық педагогикалық оқулар өтіп жатыр.

Бұл шараның мақсаты - білім саласындағы жаңа реформа - біртұтас тестілеу тәсілін республиканың әр түкпірінен келген мамандар талқысына салып жан-жақты талқылау, сондай-ақ білім беру үрдісін ұйымдастыруда қажетті алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді көпшілікке тарату,- дейді Берікжан Әлмұхаметов.

-Қазіргі ұлттық тестілеу тәсілін заман тудырып отыр. Бұл қазіргі уақытта балаларға сапалы білім беруде өзіндік сапалы, сатылы деңгейге жетудің жолы. Мұны біз дұрыс түсіне білуіміз керек. Педагогикалық оқуларға жиналып отырған ұстаздардың көтеріп отырған мәселелері – шәкірт өсіру. Педагог ғалымдар мұны өте дұрыс түсініп, бірауыздан қолдап отыр.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан келген әдіскер Бөпежанов Талған тестілеу тәсілін қолдамайтындығын жеткізді. Оның айтуына қарағанда тестілеу әдісінің кемшіліктері көп көрінеді. Қарашаның 27-сі күні біртұтас тестілеу сынағын өткізу мәселесіне байланысты дөңгелек үстел отырысы болып, педагогикалық оқу қорытындысы бойынша ұсыныс кеңестер қабылданады.
XS
SM
MD
LG