Accessibility links

Ирақтағы тұрақсыздық биліктің ирақтықтарға беруін тездетуге кедергі болуы мүмкін деді Британия сім.


Бағдад. Кеше Бағдадқа келген Британия сім Джак Строу Ирақта толастамай отырған зорлық-зомбылық бұл елдегі биліктің алдағы маусым аяғында ирақтықтардың өз қолына өтуін кешеуілдетуі мүмкін деп ескерткен. Ирақта негізгі шайқас аяқталды деп жариаланған мамырдың 1-нен бері 180 америка солдаты опат болғаны аян. Ирақтағы ҚШ әскері өкілінің бүгін мәлімдеуінше Саддам Хұсейіннің әскери орынбасары Иззат Ибрахим Ал-Дуридің әйелі мен қызы кеше қолға түскен. Өкілдің айтуынша Ал-Дури Ирақтағы шетелдіктерге шабуылдарды ұйымдастырушы болуы мүмкін. ҚШ Ал-Дуриді тұтқындауға 10 миллион доллар бәйге жариялап отыр.
XS
SM
MD
LG