Accessibility links

Каспийдің қазақстандық қайраңындағы мұнай көздерін игеруден қоршаған ортаға тиюі мүмкін әсері бойынша 19 желтоқсанда Ақтауда қоғамдық тыңдаулар өтеді.


АҚТАУ: Каспий теңізінің Қазақстанға қарайтын қайраңындағы Түпқараған және Аташ бөлігіндегі мұнай көздерін игеруден қоршаған ортаға тиюі мүмкін қайсыбір әсерін бағалаудың бастапқы сатысы бойынша 19 желтоқсанда Ақтауда қоғамдық тыңдаулар өтеді. Ол жайында “ҚазМұнайТеңіз” компаниясының баспасөз-қызметінен Қазақстан тудэй агенттігіне хабарланды. Ол хабарға сәйкес, “ҚазМұнайГаз” және “ҚазМұнайТеңіз” компаниялары жер қойнауын пайдалануға рұқсат ала отырып, Каспийдің Түрқараған және Аташ бөліктеріндегі мұнай операцияларын жүзеге асыру үшін бірқатар кешенді шараны жүзеге асырмақ. Әлгі жобаларды іске асыру – “Каспийдің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік Бағдарламасынан” туындап отыр.
XS
SM
MD
LG