ҚОСТАНАЙ: Қазақстанның кейбір облыс-аймағындағы орта мектептерінде 12 жылдық білім беру жүйесі сынақтан өтуде. Алайда өз балаларының орта мектеп парталарында кәмелетке толғанша отырғанын ата-аналарының барлығы онша қаламайтын көрінеді. Мысалға сынақ өтіп жатқан Қостанай мектептерінің бірінде ата-аналар өз наразылықтарын ашық білдіруде. Біздің қостанайлық тілшіміз Ақылбек Қожаұлы осылай деп хабарлайды.